1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Аквазона

Aquazon және жүзу бассейндері

HEALTH CLUB & SPA GRAND PRIX кешенінің аквазонасында Сіз күні бойы жиналған шаршағандықты басатын, қан айналымын жақсартатын, депрессиядан, ұйқысыздықтан және артық салмақтан құтылуға көмектесетін, кең бағдарламалар шоғырымен пайдалана аласыз. Бассейндегі жаттығулар барлық бұлшықеттерді іске қосады, ал судың қарсылық жүктемесі фитнеспен шұғылданудан қарағанда аз болмайды.

Аквазонаның алаңы 500 кв. м.-ден асады. Тереңдігі 1,8 м және ұзындығы 25 м болатын бассейнде жүзуге арналған төрт жол, теңіз суының толқындарын жасайтын, толқын генераторы, имитацияланған гидромассажды сарқырамалар бар. Бассейндегі тазалық пен гигиеналық су қауіпсіздігіне заманауи, көп сатылы озон жүйесі кепіл болады. Қонақтардың жайлы демалуы үшін аквазонаның аймағында ыңғайлы шезлонгтар орналасқан.

Ағзаға судың жағымды әсерін арттыруға аквааэробика мүмкіндік береді. Ол барлық жастарға және салмақ категорияларға жарай береді. Сіз аквааэробиканың кез-келген түрімен пайдалана аласыз:

AQUA START. Аквааэробиканың кіріспесі. Жеңіл тәсілдерге біріктірілген, негізгі қозғалыстарды қолданумен су ортасын меңгеру. Төмен қарқындылықтағы жүктеме. Жаңа бастаған және кез-келген дайындық деңгейдегі адамдарға ұсынылады.

AQUA NOODLES. Орташа дайындық деңгейіне арналған. Классикалық аквааэробика мен Noodles жабдығының суда тұруға көмектесетін, иілгіш таяқпен қосындысы. Аэробты төзімділікті, икемділікті, үйлестікті дамытуға арналған жаттығу. AQUA ABS. Құрсақ тығыршығындағы барлық бұлшықеттерді жаттықтыруға арналған күш классы: тік, қиғаш және созылуға арналған жаттығулар.

SWIMMING.Аэробты класс. Сабақ тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйесін дамытуға, негізгі бұлшықет топтарына жүктеме салуға және үйлестікті дамытуға бағытталады. Бағдарлама тым болмаса жүзудің негізгі әдістерінің бірімен жүзе алатын адамдарға арналады. Арнайы жаттығулардың көмегімен жаттықтырушы жүзу техникасында болған қателерді түзетіп, барлық жүзу стильдерін меңгеруге көмектеседі.

AQUA ABS. Күш класы. Сабақ құрсақ тығыршығындағы бұлшықеттерді қайта күшейтуге бағытталады. Орташа және ортадан жоғары қарқындылықтағы жүктеме.

AQUA ENERGY. Аэробты класс. Сабақ аквааэробикамен шұғылданған қадірлеушілерге арналады, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйесін дамытуға бағытталады. Сабақта аквааэробиканың әртүрлі элементтері мен хореографиялық тәсілдерге біріктірілген жүзу элементтері қолданылады. Орташа және жоғары қарқындылық жүктеме.