1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Сұлулық салоны

Сұлулық салоны

КОСМЕТОЛОГТАРДЫҢ КАБИНЕТТЕРІ

Ежелден-ақ адамдар табиғаттың әр алуан сыйын пайдалана отырып, жасартудың түрлі амал-тәсілдерін іздестіре бастаған. Көптеген жүзжылдықтар өткеннен соң, әр түрлі қолдан келетін әдіс-тәсілдерді саралай келе, оның ішінде пластикалық хирургтар тарапынан болып жатқан әр түрлі ұсыныстарды зерделей отырып, эстетикалық медицина саласының мамандары ерте ғасырлардан келе жатқан әдемілік пен балғындықты сақтаудың ғажайып рецептілері мен хирургиялық тәсілді қолдануды қажет етпейтін, жасуша деңгейінде әрекет ететін технологиялық медициналық жаңалықтарды біріктіре пайдалануды жөн көрді. Бұл қысқа мерзім ішінде таң қаларлық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.

HEALTH CLUB & SPA GRAND PRIX кешенінде Еуропа пен АҚШ-тың ең үздік өндірушілерімен шығарылған ең заманауи аппаратуралармен жабдықталған кабинеттер бар. Тәжірибелі және жоғары білікті косметологтар және эстетист-косметологтар тең жоғары сапалы косметикалық өнімді пайдаланады.

Біздің кешенде қызмет ететін әрбір дерматокосметолог өзінің жеке бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, ол ең үздік нәтижеге қол жеткізуге және Сізді теріңізге байланысты әр түрлі проблемалардан арылтуға бағытталған. Атап айтқанда: пигментті дақтар, қан тамыры түйіндері, безеу, тыртықтар, созылулар, терінің мөлшерден тыс майлылығы, құрғақ және босаңсыған тері, сүйелдер, әжім, көз айналасының қарауытып тұруы және т.б.

Бұл секілді мәселелерді шешу үшін біздің мамандар теріге әсер ететін классикалық процедураларды таңдайды – әр түрлі бетперделер, инъекциялар, массаж, теріні тазарту, - сондай-ақ төмен қарқынды және жоғары қарқынды лазерлік сәулелер, фотоемдеу, криотерапия, микротоқты терапия, биостимуляция, прессотерапия, радиожиілікті лифтинг, пилингтер және күн сайын қатары толығып келе жатқан өзге де құралдар. Бұдан басқа, анағұрлым күрделі дерматологиялық мәселелерді шешу үшін өзге де медициналық бағытта қызмет ететін мамандар жұмысқа тартылған – терапевтілер, эндокринологтар, гинекологтар, олар да біздің кешенде ақыл-кеңестер береді және емдеу шараларын жүргізеді.

ВИЗАЖИСТТЕР, NAIL- И HAIR- СТИЛИСТТЕР

Әдемі бола ма немесе өте әдемі бола ма, оны әр адам өзі шешеді. Біздің міндетіміз – әрбір адамның әдемілігінде шек болмайтындығын көрсету. Визажистер, шаштараздар және маникюр мен педикюр шеберлері сіздің өміріңіздегі қандай да бір маңызды оқиғаға дайындалуға, күнделікті образыңызды қалыптастыруға, дұрыс косметикалық құралдар таңдай алуға, бет-әлпетіңіздің әдемі тұстарын басты назарға алуға көмек көрсетеді.

ШЕБЕРЛЕР ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН КӨРСЕТЕ АЛАДЫ:

hair-стилист:

  • шаш және бас терісіне толыққанды күтім жасау бағдарламасы (дәруменді бетперделер және сарысулар)
  • ерлерге және әйелдерге арналған шаш үлгілері (оның ішінде, ыстық қайшымен)
  • шашты жатқызу және әр түрлі күрделіліктегі шаш үлгілері
  • боялған және химиямен бұйраланған шашты қалпына келтіру бағдарламасы
  • емдік бояу, онда шаштың өздігінен реңк беру қабілетін және шаш құрылымын қалпына келтіру мүмкіндгіне ие әлемдегі жалғыз бояу - LebelMateria қолданылады

nail-стилист:

  • аппаратты маникюр/педикюр
  • SPA-педикюр-күтім+түс
  • тырнақтарды белсенді нығайту
  • тырнақтарды гельмен жабу
  • дермаманикюр – Handwunder күтімі
  • дермапедикюр – Lafwunder күтімі
  • классикалық маникюр/педикюр-күтім+түс
  • кез-келген күрделіліктегі тырнақ дизайны
  • түс таңдау
  • Minx маникюры
  • маникюр/педикюр -күтім+түс GRAND PRIX
  • балбыратушы массаж
  • өсіру (гельмен/типс арқылы)
  • SPA-маникюр/педикюр-күтім
  • SPA-педикюр – термобәтеңкемен жасалатын күтім
  • стиль-түр-блеск
  • әшекей моншақтар
  • шөп ваннасы
  • жабынды қабатты алу
  • жедел-маникюр/педикюр
  • жапондық маникюр/педикюр
  • тырнақтарды протездеу
  • ілгек, фрезалар орнату
  • артық өскен тырнақтарды емдеу
  • подология

визажист:

  • күнделікті және мерекелік макияж
  • тойға және түрлі кештерге арналған
  • іскери макияж
  • smoky eyes (смоки айс)
  • nudelook (табиғи макияж)
  • лифтинг-макияж (терінің кем-кетігін дұрыс маскалау арқылы бетті жасарта түседі)