1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Басты бет / Қызметтер / Бутиктер қонақ үйі

Бутиктер қонақ үйі

Бутиктер қонақ үйі

Детокс-бағдарлама бойынша сауықтыру курсынан өтуді қалайтын қонақтар үшін HEALTH CLUB & SPA GRAND PRIX Бутик-отель қарастырылған. Мұнда Сіздерге стандарт және премиум класты номерлер ұсынылады, олардың бәрі де мейлінше ыңғайлы және жанға жайлы етіп жабдықталған. Жайлы жағдай, заманауи жабдықтар және HEALTH CLUB & SPA GRAND PRIX үздік мамандары Сіздің кешенге келген әрбір сәтіңізді ұмытылмас ете түседі және Сіздің денсаулығыңызды жақсартуға, ғұмырыңыздың ұзақтығын арттыруға және жас қалпыңызды сақтауға, өзіңізге тиесілі демалыстан ұмытылмас рахат алуға көмектеседі.

Біз Сіздерді өз қамқорлығымызға және назарымызға аламыз, бақытты сәттер мен ағзаны тазарту және ағзаны сауықтыруға бағытталған тамаша демалыс тарту етеміз!

Detox-бағдарлама Сіздің ағзаңыздың тазаруын қалпына келтіруге бағытталған, ол жасушаралық деңгейде токсиндерді шығаруға, Сіздің өзіңізді жеңіл сезінуіңізге бағытталған. Кешенді іс-шаралар мыналардан тұрады: галотерапия, фитотерапия, бальнеотерапия, массаж, термоемдеу, инерефлексті терапия, орау, спортпен айналысу, арнайы диеталар және көптеген басқа да қызмет түрлері. Нәтижесінде, Сіз ағзаңызға жиналған токсиндерден, аллергиядан, созылмалы аурулардан, артық салмақтан, ас қорытудағы қиындықтардан арыласыз, бетіңіздің түсі және эмоционалды жағдайыңыз жақсарады, иммунитетіңіз нығая түседі және жұмысқа деген қабілетіңіз жоғарылайды.

Біздің кешеннің мамандары Сіздің ағзаңыздың ерекшеліктерін есепке ала отырып, процедуралар курсын әзірлейді. Сіздің жағдайыңыз бен денсаулығыңыздың қамын ойлау – біздің міндетіміз!