1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Detox бағдарламасы

Салауатты өмір салты туралы теорияға сәйкес, барлық аурулар интоксикацияға байланысты туындайды екен. Адамға токсиндер күн сайын қауіп төндіреді, олар – ағзада жинақталған және қауіпті улардың жиынтығы. Олар сапасыз азық-түлік өнімдерінде де, бейорганикалық косметикада да, дәрі-дәрмектерде де, синтетикалық киім мен жиһазда да бар. Мұның барлығы иммунитеттің төмендеуіне әкеліп соғады, созылмалы ауруларға ұшыратады және стресстік жағдайларды жиілетеді. Ағзаны зиянды заттардан тазарту және артық салмақты түсіру үшін біздің кешенде әр түрлі процедуралар қарастырылған. Солардың ішінде анағұрлым қауіпсізі Detox болып табылады, ол жасуша деңгейінде ағзаның «қайта іске қосылуына» мүмкіндік береді, оның табиғи қызметін және өздігінен тазарту мүмкіндігін қалпына келтіреді. 

HEALTH CLUB & SPA GRAND PRIX ұсынылатын DETOX-бағдарлама - бұл дәрілік емес тәсілдердің көмегімен аурулардың алдын-алуға бағытталған ағзаны кешенді тазарту тәсілі.

Detox-бағдарлама негізіне мыналар алынады:

  1. Арнайы диета (глютенсіз, тұзсыз, лактозасыз, 800 ккалдан аспайтын калориялы), аз-аздан тамақтану, АШЫҒУ ЕМЕС
  2. Шынықтырушы процедуралар кешені
  3. Физиотерапиялық процедуралар кешені (массаждар, орау, гидромассаждар)
  4. Мөлшерлемелі фитнес (күніне 2 рет топтық жаттығулар)
  5. Тазартушы заттар қабылдау (сорбенттер, пробиотиктер, фитосусындар)
  6. Медициналық зерттеу (УДТ, қан, мамандардың арнайы кеңестері)
  7. Дәрістер, ұсыныстар мен диетолог-мамандардың сүйемелдеуі

DETOX ықпал етеді:

  • ағзаның жасаруына
  • көңіл-күйді және жалпы жағдайды жақсартуға
  • жұмыс қабілеттілігін және стресске төзімділікті арттыруға
  • зат алмасу және ас қорыту жұмысын қалпына келтіруге
  • иммунитетті нығайтуға
  • салмақты түзетуге және оңтайлы бағамен арытауға

Бағдарламаның көрсетілімдері:

  • Созылмалы шаршау синдромын емдеу және алдын алу
  • Жүктілікке дайындық (ерлі-зайыптылар үшін)
  • Ас қорыту жүйесі ауруларын емдеу және алдын алу (гастрит, панкреатит, холецистит, дискинезия, іш қату, дисбактериоз)
  • Косметологиялық процедуралардың әсерін күшейту
  • Тері ауруларын емдеу және алдын алу (безеу, псориаз, нейродермит, экзема)
  • Аллергияны емдеу және алдын алу
  • Спортшыларды жарыстар және физикалық жүктмелерден кейін қайта қалпына келтіру
  • Ұзақмерзімді антибиотикті терапиядан кейін қайта қалпына келтіру

Бағдарламаны броньдау процедурасы төмендегіше жүзеге асырылады:

  1. Бағдарламаға қайшы көрсетілімдермен және қажетті медициналық құжаттар тізімімен танысу
  2. Телефон немесе электронды пошта арқылы сату бөлімінде алдын-ала броньдауды жүзеге асыру
  3. Бағдарлама үшін алдын-ала төлем жасау

Өзіңізбен алып жүруді ұмытпаңыз:

  1. Төлқұжат
  2. Спорттық киім және аяқ киім (киім денемен-дене болып тұратындай болуы, ал аяқ киім жабық болғаны дұрыс)
  3. Шомылу киімі (ерлердікі) және моншаға қажетті заттар, бассейн және саунаға киетін арнайы аяқ киім
  4. Бассейнге арналған бас киім

БАҒДАРЛАМАҒА ДАЙЫНДЫҚ

3-4 күн бағдарламаға келгенге дейін жойылған:

  • Алкоголь
  • Нан және ұн өнімдері
  • Қант
  • Майына қуырылған өнімдері, тұздалған, ысталған, маринадталған
  • Қызыл ет пен ет өнімдері


Детокс-бағдарлама бойынша сауықтыру курсынан өтуді қалайтын қонақтар үшін HEALTH CLUB & SPA GRAND PRIX Бутик-отель қарастырылған. Мұнда Сіздерге стандарт және премиум класты номерлер ұсынылады, олардың бәрі де мейлінше ыңғайлы және жанға жайлы етіп жабдықталған. Жайлы жағдай, заманауи жабдықтар және HEALTH CLUB & SPA GRAND PRIX үздік мамандары Сіздің кешенге келген әрбір сәтіңізді ұмытылмас ете түседі және Сіздің денсаулығыңызды жақсартуға, ғұмырыңыздың ұзақтығын арттыруға және жас қалпыңызды сақтауға, өзіңізге тиесілі демалыстан ұмытылмас рахат алуға көмектеседі.

Кешеннің өз ісіне мұқият қызметкерлер құрамы және білікті мамандары сіз үшін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын сауықтыру және ағзаны қалпына келтіру бағдарламасын таңдап береді. Процедураны таңдауға көмек көрсете отырып, маман ол туралы толық және сенімді ақпараттар береді, сондай-ақ, емдеу нәтижесінде қандай жетістіктерге қол жеткізуге болатындығы туралы айтады. SPA- detox көңіл-күйді және жалпы ағзаның жағдайын жақсартады, тері тазарады, зат алмасу және ас қорыту қалпына келеді.

Сауықтыру және тазарту курсын келесі бағдарламалар бойынша өту ұсынылады:

7 КҮНГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ

  1. SPA-үйлестірушінің кеңесі - 1
  2. Биоимпедансметрия (ЛФК кабинеті) - 2
  3. Диетологтың кеңесі - 1
  4. Эндокринологтың кеңесі - 1
  5. Косметологтың кеңесі - 1
  6. ЛФК дәрігерлерінің кеңесі - 1
  7. Дәрістер - 2
  8. Асқазан-бауыр ағзаларының УДТ - 1
  9. Бүйрек УДТ - 1
  10. Қалқанша без УДТ - 1
  11. Қан талдамасы (АЛТ, АСТ, билирубин, ЛПНП, ОАК, ОАМ,ОБ, холестерин, триглицеридтер, липидограмма, гликильдендірілген гемоглобин, глюкоза), ЭКГ – қажет болған жағдайда - 1
  12. Хиромассаж (іш массажы) - 30 мин - 4
  13. Жалпы массаж - 60 мин - 3
  14. Орау - 90 мин - 3
  15. Гидромассаж - 3
  16. Детокс-хауызшалар - 40 мин - 4
  17. Тұзды бөлмедегі галотерапия +тыныс алу гимнастикасы - 30 мин - 6
  18. Бауыр тюбажы - 3
  19. Ішек лаважы - 1
  20. Жеке жаттығулар - 2
  21. Фитнес-орталық кестесі бойынша топтық жаттығуларға бару – күн сайын
  22. Тексеру - күн сайын
  23. Аквааймаққа бару - күн сайын
  24. Жалпы процедуралар саны - 42

3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ

  1. SPA-үйлестірушінің кеңесі - 1
  2. Биоимпедансметрия (ЛФК кабинеті) - 2
  3. Диетологтың кеңесі - 1
  4. Эндокринологтың кеңесі - 1
  5. Косметологтың кеңесі - 1
  6. ЛФК дәрігерлерінің кеңесі - 1
  7. Дәрістер - 2
  8. Асқазан-бауыр ағзаларының УДТ - 1
  9. Бүйрек УДТ - 1
  10. Қалқанша без УДТ - 1
  11. Қан талдамасы (АЛТ, АСТ, билирубин, ЛПНП, ОАК, ОАМ,ОБ, холестерин, триглицеридтер, липидограмма, гликильдендірілген гемоглобин, глюкоза), ЭКГ – қажет болған жағдайда - 1
  12. Хиромассаж (іш массажы) - 30 мин - 3
  13. Жалпы массаж - 60 мин - 2
  14. Орау - 90 мин - 1
  15. Гидромассаж - 1
  16. Детокс-хауызшалар - 40 мин - 2
  17. Тұзды бөлмедегі галотерапия +тыныс алу гимнастикасы - 30 мин - 2
  18. Бауыр тюбажы - 2
  19. Ішек лаважы - 1
  20. Жеке жаттығулар - 1
  21. Фитнес-орталық кестесі бойынша топтық жаттығуларға бару – күн сайын
  22. Тексеру - күн сайын
  23. Аквааймаққа бару - күн сайын
  24. Жалпы процедуралар саны - 27

Антистресс

Релакс-бағдарлама күн сайынғы қым-қуыт тіршіліктен және қарқынды өмір сүру қаопынан шаршаған қала тұрғындарына арналады, және екі күнге арналған. Қонаққа келесі қызмет түрлері ұсынылады:

  1. Жайлы номерлерге орналасу - 2 дня
  2. Аквааймаққа бару - шексіз
  3. Фитосусындар - шексіз
  4. Жалпы массаж (қытай 2 сағат) - 1
  5. Булау бөлмесіне бару - 1
  6. Гидротерапия - 1
  7. Йога-массаж - 1
  8. Detox-хауызшалар - 2
  9. 1 ай көлемінде сүйемелдеуге негізделген диетолог маманның кеңесі - 1
  10. Шығар кезде шашты сәндеп беру процедурасымен бірге шаштараз кеңесі - 1

УИКЭНД I БАҒДАРЛАМАСЫI

Жан мен тән үйлесіміне ие болу үшін тамаша тәсіл.

  1. Жайлы номерлерге орналасу - 2 күн
  2. Аквааймаққа бару - шексіз
  3. Фитосусындар - шексіз
  4. Гидротерапия - 1
  5. Кессе қолғабымен жасалатын пилинг- 1
  6. Булау бөлмесіне бару - 1
  7. Қытайлық массаж (2 часа) - 1
  8. Бет терісіне жедел-күтім - 1
  9. Орау - 1
  10. Detox-хауызшалар - 2
  11. 1 ай көлемінде сүйемелдеуге негізделген диетолог маманның кеңесі - 1

УИКЭНД II БАҒДАРЛАМАСЫ

SPA-процедуралар позитивті эмоциялар мен ұзақ мерзімді қыс айларында энергия сыйлауға негізделген.

  1. Жайлы номерлерге орналасу - 2 күн
  2. Аквааймаққа бару - шексіз
  3. Фитосусындар - шексіз
  4. Булау - 1
  5. Гидротерапия - 1
  6. Классикалық жалпы нығайтушы массаж - 1
  7. Өкше массажы - 1
  8. Орау - 1
  9. Шаш күтімі процедурасы - 1
  10. Detox-хауызшалар - 2

РЕЛАКС

Мереке күндерінен кейін ұсынылатын күн.

  1. Жайлы номерлерге орналасу (1 күн);
  2. Аквааймаққа бару - шексіз
  3. Фитосусындар - шексіз;
  4. Терапевт кеңесі (1);
  5. Инфузиялық терапия (по назначению);
  6. Хауыдар (1);
  7. Тамақтану (3-реттік);
  8. Detox-хауызша (1);

ӨТЕ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

  1. Detox дегеніміз не? Detox – арнайы диета, шөптер, сусындар мен дренажды процедуралардың көмегімен жүзеге асырылатын кешенді детоксикациялау бағдарламасы (массаж, сауна, бассейн және т.б.). Анағұрлым толығырақ ақпаратты біздің дәрігерден, SPA-үйлестірушіден ала аласыздар.
  2. Бағдарлама неше күнге созылады?3, 5 және 7 күндік бағдарламалар бар.
  3. Бағдарламадан өту кезінде қонақ үйде жату міндетті ме? Қонақ үйде тұру міндетті. Арнайы белгіленген тамақтану режімі, шектеулер бар, оларды үй жағдайында сақтау қиын. Дәрігердің бақылауы талап етіледі.
  4. Detox бағдарламасы бойынша қандай дене мүшелері тазарады? Үшкүндік бағдарламада ішектер, бауыр және өт тазартылады. Жеті күндік бағдарламада тазарту тереңірек жүзеге асырылады - ішектер, бауыр және өт тазартылады, ұлтабар, бүйрек және қуық, буындар тазарады.
  5. Detox бағдарламасына қарсы әсерлер бар ма? Иә,бар. Дәрігердің, SPA-үйлестірушінің кеңесі қажет болады.
  6. Тазарту бағдарламасына дайындық қажет пе? Иә, дайындық міндетті түрде қажет. Дайындық жүргізу туралы ақпаратты сайттан немесе дәрігердің кеңесінен тікелей алуға болады.
  7. Бағдарламада тазартушы клизмалар қолданыла ма? Жоқ, қолданылмайды.
  8. Бағдарламадан салмақ азайтуға бола ма? Ия, салмақ кемиді, 3 күндік бағдарламада 1 бастап 3 кг дейін, 7 күндік бағдарлама нәтижесінде 5-7 кг дейін. Бұдан кейін салмақ дәрігердің ақыл-кеңесіне сүйенген жағдайда кеми береді. Алайда, салмақ кеміту бағдарламаның мақсаты болып табылмайды. Бұл «жанама» әсер ғана.
  9. Салмағы қалыпты немесе арық адамдар үшін бұл бағдарлама қажет пе? Бағдарлама ішкі ағза мүшелерін тазартуға және өмір сүру салтын, тамақтануды түзетуге бағытталған, сол себепті бұл тек артық салмақтағы адамдарды ғана қызықтырмайды. Дене салмағы қалыпты адамдардың дене салмағы кеми қоймайды.
  10. Detox – арықтауға арналған бағдарлама ма? Detox – арықтауға арналған бағдарлама емес! Алайда, Detox бағдарламасынсыз арықтау да қиын, себебі мұндағы негізгі мақсат – зат алмасуды қалпына келтіру және тамақтануды дұрыстау, оларсыз қандай да бір диета ұстану немесе арықтау да мүмкін емес. Диеталар тек уақытша және тұрақсыз нәтиже береді.
  11. Ағзада паразиттер болған жағдайда бағдарлама тиімді ме? Иә, тиімді. Жұмыс барысында біз паразиттердің денеден шығу жағдайларын көп кездестірдік. Әдетте, олар жолақты және дөңгелек құрттар болып келеді.
  12. Ішкі органдар қалай тазартылады? Тазарту табиғи жолмен емдік шөптер, жаңа сығылған шырын, минералды су қабылдау, сонымен қатар белсенді дренажды процедуралар (әр түрлі массаждар, сауналар, дене шынықтыру, тыныс алу гимнастикалар) арқылы ішкі органдардың бөліну қызметін күшейту арқылы жүзеге асырылады.
  13. Бағдарламада дәрілер қолданыла ма? Жоқ, барлық дәрілер бүйрек пен бауырға тұнып қалады және бұл мүшелердің тазаруына кедергі келтіреді – бағдарламаның тиімділігі кемиді.