1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Басты бет / Қызметтер / Фитнес аймағы

Фитнес аймағы

Фитнес клубы

Кешеніміздің фитнес-зонасында әрбір адам өзіне ұнайтын сабақ табады. Белсеңді спорт аймағының стильді дизайнында түрлі-түсті гамма мен жарық мұқият таңдалған, арнайы еден үстілік жабын қолданылған, залдар спорт пен сабақтың әр түрінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп жобаланды. Сөйтіп, залдардағы атмосфера Сізді белсеңді және тұрақты жаттығуға ынталандырады.

Біздің кәсіптік жаттықтырушыларымыз Сізге топтық бағдарламалардың 20 түрін ұсынуға әрі жеке өзіңізге арналған жаттығулар мен тамақтану курсын әзірлеуге дайын.

Біздің клубымызға келген әрбір адам ең алдымен спрот дәрігерінің кабинетінде фитнес-тексерістен өтеді, ол оның денсаулық жағдайы мен дайындық деңгейін анықтайды және жаттығулар жөнінде нұсқаулар айтады. Сондай-ақ, дәрігер Tanita жоғары дәлдікті көрсететін таразы-анализаторларда дененің құрамын тексереді және оны оңтайландыру жөнінде нұсқаулар айтады.

Фитнес-зона залдарға бөлінеді:

ТРЕНАЖЕР ЗАЛЫ

Алаңы 350 кв.м құрайтын тренажер залы Precor, Hoist, Foreman сияқты әлемнің жетекші өндірушілерінің ең заманауи жабдықтарымен және бұлшықеттердің түрлі топтарына арналған тренажерлармен құралдандырылды. Осы жабдықтардың артықшылықтары является эргономикалық дизайн, сенімділік және пайдалану жеңілдігі, көп атқарымдылығы болып табылады. Сіз кәсіптік нұсқаушылар мен жаттықтырушылардың ұсынатын, тиімді әдістемелері мен жекеленген бағдарламаларының көмегімен өз денеңізді ең жоғары деңгейде арайландыра аласыз. Олар салмақты түсіруге немесе бұлшықеттердің өсуінің арқасында салмақты көбейтуге тиімді сабақтар бағдарламасын әзірлейді. Тренажер залының алаңы үш зонаға бөлінеді:

  1. Foreman фирмасы еркін таразылар зонасы, гантельдер мен штангалармен жаттығу жасауға арналған гантельді қатар мен орындықтар ұсынды. Foremanтренажерлары - қолайлы, сенімді және пайдалы жабдық.
  2. Блок тренажерларының зонасы Hoist, американдық брендтің отыз тренажерларымен ұсынылады, олар Сіздің денеңіздің ерекшеліктеріне икемденіп, өте жақсы биомеханикалық қозғалысқа ие болады, қымил-тірек аппаратынан шаршағанды басады және оңтайлы бұрышта бұлшықеттерге әсер етіп, жарақат қаупін төмендетеді.
  3. Кардиозона. Сіздің қызметіңізге Precorжүгіруге арналған жолдар, степперлер, эллиптикалық, еспелі тренажерлар. Кардиозона кабельді ТВ-мен, жеке мониторлармен және iPhone қосу мүмкіндігімен, ең соңғы үлгідегі кардиоваскулярлық аппараттармен жабдықталды..

Біздің тренажер залының көрікті жерлері функционалдық жаттығуларға және әлемдегі әйгілі Crossfit сабақтарына арналған мультистанция болып табылады.

Тренажер залында өздігінен де, HEALTH CLUB & SPA GRAND PRIX кәсіптік нұсқаушылар тобынан болатын жаттықтырушымен де жеке жаттығу жасауға болады.

ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР ЗАЛЫ

Жауынгерлік өнер залында бокс, күрес және тай боксы сабақтары өтеді. Сондай-ақ, барлық бағыттар бойынша күні бойы жекеше шұғылдануға болады. Зал жауынгерлік өнермен шұғылдану үшін барлық қажетті жабдықтармен құралдандырылды.

Велозал Cycle

Cycle велозалында стационарлық велосипедтермен жүру жөнінде жоғары қарқынды сабақ өтеді. Ол төзімділікті, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйесін дамытуға арналған эмоциялық интервалды жаттығу болып табылады.

АЭРОБИКА залы

Аэробика залында Zumba, Latino, BellyDance, LadyDance тәрізді барлық би түрлері бойынша сабақтар, сонымен қатар күш және классикалық аэробика сабақтары: степ, арқа, аяқ және дененің жоғарғы бөлігіндегі бұлшықеттерді күшейтуге арналған күш класстары және Mindbody жаттығулары - йога, стрейч, бодифлекс және пилатес өткізіледі. SILLA, FT, Fight жоғары тиімді бағдарламалары бар.