Фитнес аумағына бару ережелері

топтық сабақтарға БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • Өзіңіздің дайындық деңгейіңізге сәйкес келетін сабақтарға барыңыз. Нұсқаушының Сізді жарақат алудан сақтау үшін сабаққа өткізбеуге құқығы болады.
  • 15 минуттан артық сабаққа кешігіп келу Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті болады. Нұсқаушының Сізді жарақат алудан сақтау үшін сабаққа өткізбеуге құқығы болады.
  • Далада киілетін аяқ-киіммен жаттығуға кіруге тыйым салынады, қара із қалдырмайтын аяқ-киім таңдаңыз. Нұсқаушы спортқа арналған аяқ-киімсіз және сабақ стилистикасына сәйкес келмейтін аяқ-киіммен Сізді жарақат алудан сақтау үшін сабаққа кіргізбеуге құқығы болады.
  • Топтық бағдарламалар залдарында ұялы телефондарды сөндіріңіз.
  • Әкімшілік кестеде жазылған нұсқаушыны ауыстыруға және топтық сабақтардың кестесіне өзгерістер енгізуге құқылы болады.
  • Мейлінше аз сөйлесуіңізді өтініп сұраймыз.
  • Сабақ барысында сағыз қабылдауға тыйым салынады.
  • Халға кіру алдындағы топтың сабақтары біткеннен кейін және (немесе) жаттықтырушының шақыруымен ғана рұқсат етіледі.
  • Жарақат алудан сақтау үшін кіріспе нұсқамалықты өту ұсынылады.
  • Баруға болмайтын жағдайлар немесе аурулар болған кезде ол туралы сабақ басталғанға ДЕЙІН нұсқаушыны міндетті түрде ескерту қажет.
  • Арнайы жабдықпен қолдану ережелерін нұсқаушы түсіндіреді. Жаттықтырушының айтуынсыз өздігінен жаттығулар, хореография және жабдықпен қолдануға тыйым салынады.
  • Жаттығу аяқталғаннан кейін Өзіңіздің қолданған жабдығыңызды арнайы тағайындалған орынға апарып қоюыңыз қажет.
  • Топтық сабақтар залынан жабдықты алуға тыйым салынады.
  • Жеке гигиенаны сақтаңыз. Қатты парфюмер иістерді қолданбауыңызды өтініп сұраймыз.

тренажер залына БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • Ұқыпты болып, қауіпсіздік техникасы мен тренажерларды пайдалану ережелерін сақтау қажет.
  • Тренажер залында осы қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқаннан кейін ғана сабаққа кірісуге болады.
  • Жазатайым оқиғалардан сақтану үшін тренажер залына 16 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады.
  • Тренажер залында тек спортқа арналған таза аяқ-киіммен шұғылдануға рұқсат етіледі, резеңке және сырғанамайтын табандарымен, жабық аяқ-киім кию ұсынылады. Биік өкшелі, теріден жасалған табанмен, бұдырлы аяқ-киім киюге, жалаң аяқ немесе ашық аяқ-киіммен жаттығуға тыйым салынады. Міндетті түрде сүлгі болуы тиіс.
  • Тренажер залында жаттыққан кезде қауіп тудыратын заттарды (сағат, ілініп тұратын сырғалар және т.б.) шешіп тастау керек, қалталардан қадалатын және басқа да қажетсіз заттарды алып тастау қажет.
  • Тренажермен жаттығудың алдында тренажер залының жаттықтырушысының басшылығымен тренажердың дұрыстығын, орнатылу сенімділігін және бекітілуін тексеру қажет.
  • Штангамен жаттығулар жасаған кезде қауіпсіздік құлыптарын қолдану қажет. Негізгі жаттығуларды орындаған кезде (жатып көтеру, штангамен жүрелеп отыру) серіктестің немесе тренажер залының жаттықтырушысының жағынан сақтық шара қолдану қажет.
  • Салмақ салушыларды, штангаларды, гантельдерді өте мұқият ұстау қажет. Барлық жаттығулар жұлқи көтерусіз, байсалды орындалуы тиіс.
  • Ақаулы тренажерларда жұмыс жасауға тыйым салынады. Ақаулықты байқап қалған жағдайда, (арқанның жыртылуы, механикалық ақаулықтар және т.б.) ол туралы тренажер залының нұсқаушысына айту қажет.
  • Негізгі жаттығуларды орындаған кезде (бітімге тарту, жүрелеп отыру және т.б.) атлетикалық белбеуді қолдану қажет.
  • Жаттығуларды орындағаннан кейін шұғылданушы өзінің пайдаланған спорттық жабдықтарды (блиндер, гантельдер, штангалар, құрал-саймандар және т.б.) арнайы тағайындалған орынға алып қоюға міндетті болады.
  • Жарақат алғаннан кейін немесе жалпы сырқаттанған күйде залға сабаққа кірісуге тыйым салынады. Сабақ барысында хал-жайыңыз нашарлаған кезде жаттығуды тоқтатып, ол туралы тренажер залының жаттықтырушысына айту қажет.
  • Блок құрылғыларының жылжымалы бөліктеріне қол тигізуге тыйым салынады.
  • Еркін таразыларда жасалатын жаттығуларды әйнек пен айналардан 1,5-2 метр қашықтықта орындау қажет.
  • Тренажер залында жаттыққан кезде сағыз шайнаудан бас тартыңыз – ол Өзіңіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті болады.
  • Инфекциялық, қатты – респираторлық және тері аурулармен ауырған кезде тренажер залына барудан бас тартыңыз – ол Өзіңіздің денсаулығыңыз үшін және Сізді қоршаған адамдардың денсаулығы үшін қауіпті болады.
  • Тренажер залында алкоголь, есірткі мастығы жағдайында немесе алкоголь мастығынан кейінгі жағдайда жаттығуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
  • Тренажерларда және еркін таразымен жаттыққан кезде Келушілер салмақты белгілеу және олардың функционалдық мүмкіншіліктерге сәйкес келетін амалдар санын жасау қажет.
  • Келушілерге өздігінен музыкалық аппаратпен пайдалануға болмайды.
  • Сақталуына Клубтың жауап бермейтін, бағалы заттар, сөмкелерді алып келуге тыйым салынады.
  • Киім-кешектің ұзын және кең бөлшектері, баулар, сүлгілер тренажерлардың жылжымалы бөліктеріне тиіп кетуін қарап отыру қажет.
  • Жүгіруге арналған жолда жаттығудың алдында жылжымалы лентаның шеттері бойындағы сүйемелге тұрып, ең аз жылдамдық орнатып, лента қолғалған кезде жаттығуды бастау қажет. Лентаның толық аяқталғанша дейін тренажердан түспеу қажет.
  • Тренажер залында жалаңаштанған кеудемен жаттығуға болмайды.
  • Жаттығуларға арналған зоналарда тамақ ішу және сақтауға тыйым салынады.
  • Сорттық құрал-сайманның сынған немесе бұзылған жағдайында жаттығуды тоқтатып, ол туралы тренажер залының жаттықтырушысына хабарлау қажет. Жаттығуды ақаулықтарды жойғаннан кейін немесе спорттық жабдықты (құрал-сайманды) ауыстырғаннан кейін ғана жалғастыру керек.

ержүректер залына БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • Жауынгерлік өнер залы нұсқаушымен бірге жаттығуға, сондай-ақ топтық сабақтарға арналады.
  • Жауынгерлік өнер бойынша сабақтар мен жаттығуларға медициналық тексерістен өткеннен ғана бару ұсынылады.
  • Жаттығулар аяқталғаннан кейін (жеке жаттығу, топтық сабақ) уақытында залды босатып, спорттық құрал-саймандарды арнайы тағайындалған орынға қайтару қажет.