1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Тепидариум

Sauna tepidarium

Моншаға түсу рәсімдерінің ең жақсы бастауы Тепидариумға бару болып табылады, онда денеңіз алдын-ала жылынып, буға түсуге дайындалады. Зонадағы температура 30-40 градусты құрайды. Онда 7 керамикалық жатақ болады, олардың үстінде денені қыздыру арқылы жүйке және бұлшықетке күш түсуден, кеңірдекшелер мен өкпе ауруларын, бас ауруы, артық салмақ пен целлюлит, кейбір тері және буын ауруларын алдын-алу және емдеу үшін қолданылады. Тепидариум жүрек-қан тамырлары, иммундық және тыныс алу жүйелеріне жағымды әсер етеді, қан айналымын қарқындатады және зат алмасуын жақсартады, ағзадан қождар мен токсиндерді шығарады, ағзаны босатады және күш-қуатты қалпына келтіреді. Әсіресе сауналардың жоғары температурасы мен дәстүрлі орыс моншасының жоғары ылғалдығы қарсы көрсетілген адамдарға жарайды. Тепидариум саенстарын бет пен денеге арналған түрлі SPA-күтім рәсімдерімен біріктіріп алу тиімді ықпал етеді.

МОНШАҒА БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Температурасы - 30-40 С.

  1. Душ қабылдаңыз
  2. Денеңізді әбден құрғатып сүртіңіз
  3. Керамикалық жатаққа жатыңыз
  4. Сеанстың ұзақтығы – 15 - 20 мин.
  5. Бет пен денеге арналған SPA-күтімі сеансын қабылдау ұсынылады
  6. Душ қабылдаңыз
  7. Демалып, шөптен жасалған, хош иісті шай ішіңіз

Баруға болмайтын жағдайлар: инфекциялық және вирусты аурулар, жүктілік, қан кету, қан және тамырлы аурулар, қатерлі ісіктер, арома-майларға аллергия, ішкі ағзалардың теңгерілмеген сырқаттары, эпилепсия және эпилептикалық талмалар, рәсімдердің жекелеген адамдарға жақпауы.