1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Жапон купельдері

Жапон моншасы Офуро

Жапон купельдері немесе жапон моншасы дегеніміз – ол ең алдымен, денсаулық, содан кейін демалыс, релаксация, ақыл саралығы, сергектік, күш-қуат, сұлулық және тері жастығының орны. Жапондықтардың өзі оны құрметтеп, «офуро» деп атайды. Ежелгі жапондық аңызға сәйкес жауынгер болу үшін барлық төрт дүлей күшті – су, жер, от және ауаны біріктіру қажет еді. Және адамдар аңызды өмірде дәлме-дәл іске асырды: олар оттан жылу, судан ылғал, ауадан бу, жерден тұрақтылықты алды. Ал ортасында адам болды. Осылайша, офуро ойлап табылды, аударғанда «ванна» немесе «монша» деген мағынаны береді, ол әртүрлі температурадағы (34-36 және 40-42 градус) жылы сумен толтырылған, 2 гидромассаж ваннасы және үшіншісі – шамамен 10-12 градус болатын температурадағы су қоймасы болып саналады. Мұқият жуынып, алдымен 4-5 минутқа жылы купельге (34-36 градус), содан кейін 1-2 минутқа әлдеқайда ыстық купельге отырып, содан соң 10-20 секундқа суық купельге малынып шығу қажет. Одан кейін аздап демалып, рәсімді бірнеше рет қайталау керек. Осындай моншадан кейін жақсылап демалу қажет. Тер бөліну бірнеше уақытқа әлі созылады және жапондықтар офуродан шығып, ақжаймаға оранып, кушеткада бір сағаттан артық жатады.

Жапон дәрігерлерінің зерттеулері офуроның күйзелісті жеңуге, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен бүйрек қызметін ынталандыруға көмектесетінін, құнды емдік және аурудың алдын-алу құралы болып табылатынын көрсетеді. Ол зат алмасу ауруларымен ауырған кезде көмектеседі, ревматизм зардабын кетіреді. Моншаға тұрақты барып тұратын адамдар тұмаумен әлдеқайда аз аурады. Жапон спортшылары офуроны жүк түсіретін құрал ретінде бағалайды. Купельдерге бармас бұрын біздің дәрігерімізден кеңес алу ұсынылады, өйткені ол жүктеме бойынша рәсімдердің ағзаға және жүрек-қан тамырлар үйесіне ең қарқындысы болып саналады. Тәжірибелі буға шабынушыларға арналған, өте қарқынды сезім береді, жасаружың керемет нәтижесіне ие болады, сонымен бірге профилактикалық әрі салқын тигеннен болатын әртүрлі аурулардан қорғаныс әсерін береді. Жопан купельдерінде болу тұздар, қождар, зиянды токсиндерден жарты литрден бастап бір литрге дейін сұйықтықпен бірге тер шығу арқылы құтылуға мүмкіндік беріп, нәтижесінде тері тегіс және шымыр болып өзгереді.

МОНШАҒА БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

№1 купельдегі температура – 34-36 С

№2 купельдегі температура – 40-42 С

№3 купельдегі температура – 10-12 С

  1. Душ қабылдаңыз
  2. Денеңізді әбден құрғатып сүртіңіз
  3. Сеансты № 1 купельден бастаңыз– 5-7 мин.
  4. № 2 купельге өтіңіз – 1-2 мин.
  5. № 3 купельге өтіңіз – 15-20 сек.
  6. 5-10 мин. демалыңыз.
  7. Сеансты 3-4 рет қайталаңыз.

Баруға болмайтын жағдайлар: ми қан тамырларының жалпы атеросклерозы, асқынған жүрек-қан тамырлар жеткіліксіздігі, гипертониялық ауру.