1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Инфрақызыл сауна

Инфрақызыл сауна (сауна)

Инфрақызыл сауна (температурасы – 35-40 градус, ылғалдығы – 20-40%) – инфрақызыл сәуле таратушылар орналастырылған жай болып табылады.

Инфрақызыл саунада ауа емес, адамның денесі қыздырылады. Жылу толқындары 4 см-ге дейін тереңдікке кіреді, ал ол моншалардың кейбір түрінде қыздыруға қарағанда қарқындырақ болып табылады. Инфрақызыл толқындары адам денесіне жағымды әсер береді. Осы рәсімнің пайдалы қасиеттері жеткілікті көп, олардың кейбірі мыналар: қан тамырлардың қабырғаларын күшейтеді, қандағы холестерин құрамын төмендетеді, қан айналымын жақсартады, қан қысымы қалпына келеді және бас миына оттегінің кіруі күшееді, иммунитет артады, май жасушаларының күйіп кетеді, зақымданған ағзалар қалпына келеді және т.б.

Инфрақызыл саунаға тұрақты бару инсульт, инфаркт, тромбоз және басқа да жүрек-қан тамырлар ауруларының пайда болу қаупін кемітіп, есте сақтау қабілеті мен ми белсеңділігін жақсартуға апарады.

САУНАҒА БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Температурасы - 35-40 С. Ылғалдығы - 20-40 %

  1. Қыздыру – 15 мин
  2. Душ қабылдаңыз
  3. Денеңізді әбден құрғатып сүртіңіз
  4. Сеанс 20-40 мин.
  5. Душ қабылдаңыз
  6. Демалып, шөптен жасалған шай ішіңіз

Баруға болмайтын жағдайлар: қатерсіз және қатерлі сіктер, қатты ірің процесстері, жоғары температура, инфекциялық аурулар, жалпы атеросклероз, қан кетуге бейімділіктің болуы, қант диабетінің тұрақсыз нысаны, күшті артериалдық гипертензия.