1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Кнейп ванналары

Кнейптің жолы

Біздің орталығымыздың көрсететін қызметтер тізіміне «Кнейп ванналары» деп аталатын рәсім кіреді. Оны 19 ғасырда тұрған дін қызметшісі Себастьян Кнейп шығарды. Кнейп ағзаны сауықтырудың жеңіл әрі қолайлы жүйесін әзірледі. Емдеу әдістерінің бірі – ол қан айналымы жүйесінің жұмысын ынталандыратын, су рәсімдері болып табылады. Түрлі температураның әсерінің нәтижесінде бас миының қан тамырларына қан жүктемесі төмендеп, аяққа құйылады..

SPA-индустрияның дамуымен дін қызметшісінің ойлап тапқан сауықтыру жүйесі кеңінен танымал болды.

Кнейп ванналары – ол түрлі температурадағы сумен толтырылған қойма. Аяқтарыңызды біресе суық, біресе жылы суға кезек-кезек батырып, сіз қан тамырларының тонусын қалпына келтіресіз, зат алмасу процессін жақсартасыз, ағзаның қорғаныс күшін нығайтасыз. Кнейптің әдісі бойынша кереғарлық – сумен емдеудің ең атақты рәсімдерінің бірі болып саналады.

РӘСІМ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Су температурасы - 35-40 С/10-15 С

  1. 1-2 минутқа №1 жылы сумен толтырылған ваннаға тұрыңыз.
  2. № 2 на 15-20 секундқа салқын сумен толтырылған ваннаға тұрыңыз.
  3. 1-2 минутқа №1 жылы сумен толтырылған ваннаға тұрыңыз.
  4. № 2 на 15-20 секундқа салқын сумен толтырылған ваннаға тұрыңыз.
  5. Рәсімнің ұзақтығы – 10-15 минут
  6. Демалып, хош иісті шай ішіңіз

Баруға болмайтын жағдайлар: терінің инфекциялық зақымдануы, экземалар, асқазан жаралары, ашық жаралар және іріңдеп қабыну. Қан айналымы бұзылған кезде аяққа арналған аз уақытты, жылы ванналар ұсынылады. Төменгі аяқтардың тамырлары түйнеліп кеңейген кезде және тромбоз болған кезде ыстық ванналар қабылдауға болмайды.