1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

САРҚЫРАМА-ШЕЛЕК

Суық сумен шелек-сарқырамасы бар ванна

«САРҚЫРАМА-ШЕЛЕК» – моншалар мен сауналарда жылы рәсімдерді қабылдағаннан кейін суық сумен қарама-қарсы құйып емделу болып табылады, тамаша шынықтыратын әсер береді. Ыстық будан кейін суық сумен құйынып емделу монша дәстүрі болып есептеледі. Өзіңді басыңнан аяғына дейін су құйынудың жеңіл және ең жақсы әдісі су құюға арналған шелекті немесе сарқырама-шелекті пайдалану болып табылады.

Адам терісін кенет суыту ағзаның жылуды реттеу механизмін «қосады» және алмасу процесстерін жылдамдатады: теріден ішкі мүшелерге қан қайтады, жылу балансы қалпына келеді. Содан кейін қылтамырлар қайтадан кеңееді және қанмен толтырылады. Тері жылынады және жағымды жылу сезімі пайда болады.

Бұл әдіс қан тамырларына арналған гимнастика деп те аталады. Уақытылы су құйынған кезде иммунитет артады, терінің түсі жақсарады. Сонымен бірге, суық су құйыну босанған әйелдерге және арықтау үшін жақсы болады, өйткені теріні жақсылап нығайтатын және тартатын крем сияқты әсер етеді.

Кеңес: бу бөлмесінен шыққаннан кейін бірден суық сумен құйынуға болмайды. Ағзаға аздап тыным және температураның кенет ауысуынан пайда болатын талықсытпадан құтылуға мүмкіндік беріңіз. Сондай-ақ, басты сумен құюға болмайды, оны шектен тыс салқын тиіюден сақтау үшін абайлап істеу керек. Арықтауды қалайтындарға мамандар осы рәсімді өткізуге кеңес бермейді: суық судан терінің ұсақ тесіктері бірден жабылады және тер бөлу процессі сол уақытта тоқтатылады, ал нақты сол процесс артық килограммаларды жоюға көмектеседі.