1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Түрік хамам

Түрік хамамы

Түрік хамамы – жоғары температураны әрең көтеретін адамдарға өте жақсы балама болып саналады. Түрік моншасы құрылған кезден бастап Шығыста рақат алу көзі деп есептелген. Және солай босқа айтылмаған. Хамам орыс моншасында немесе финдік саунада алған әсерге ұқсамайтын, ерекше жеңілдеу сезімін сыйлайды. Көп ылғалдылық – 70-80% пен төмен температураның – 40-45 градус үйлесімі – жайсыздыққа тап болдырмай, әлдеқайда ұзақ уақытқа ұсынылатын рәсімдермен рақатқа жайлы батуға мүмкіндік береді.

Хамам – бұл спортпен шұғылданғаннан кейін бұлшықеттерді босатудың тамаша әдісі болып табылады. Түрік моншасы денсаулық пен теріге физиотерапиялық ықпал жасайды. Хамам бу бөлмесінің ортасындағы үлкен қыздыратын тас үстелінде денені қыздырып, массаж қабылдауға болады. Моншаға баруға 30 минут қалғанда бір стақан су ішу ұсынылады.

МОНШАҒА БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Температурасы - 40-45 С. Ылғалдығы - 70-80 %

  1. Сеансқа 30 мин. қалғанда бір стақан су ішіңіз
  2. Жылы душ қабылдаңыз
  3. Рәсімнің ұзақтығы – 15-20 мин.
  4. Массаж сеансын қабылдау ұсынылады
  5. Бөлме температурасындағы душта шайынып шығыңыз
  6. Демалып, шөптен жасалған, хош иісті шай ішіңіз

Баруға болмайтын жағдайлар: жоғары температура, қант диабеті, эпилепсия, қатерлі ісіктер, бронх демікпесі, жүктілік, қан кету мен ұйысуға бейімділік, кез-келген мүшенің және ағза жүйелерінің созылмалы ауруларының асқынуы, асқынған тамыр атеросклерозы, терінің инфекциялық аурулары.