1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

Орыс моншасы

Орыс сауна

Орыс моншасы (температурасы – 50-70 градус, ылғалдығы – 30-60%), ол – ғасырлар бойы өзінің тамырын жайған, славян халқының ежелгі дәстүрі. Көп сенімдер, әдет-ғұрыптар әрі әзіл кеңестер де моншаға қатысты болған, оған көптеген мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар ойдан шығарылды, трактаттар арналды. Сөйтіп, ескі ұлттық даналықты жиі естуге болады: «Жұпар иісті бу тек денені ғана емес, сондай-ақ жанды емдейді». Ал дәстүр бойынша сыпыртқылар қолданылатын, орыс моншасында өзіне тән емдік қасиеттері бар. Әр сыпыртқы ағзаға өзінше әсер береді. Мысалы, салқын тиген кезде қайың, ауырған кезде – емен сыпыртқысы көмектеседі, эвкалипт сыпыртқысы радикулит, жаралған жерлерге, созып алған кезде, тұмау және тамақ ауруларына көмектеседі, жөкелі сыпыртқы тыныштандырады және қызуды басатын әсер береді, бүйрек жұмыстарын ынталандырады.

Сыпыртқымен денені әрқалай уқалауға болатынын әрбір адам біле бермейді: соғу, осу, сипалау және сылау. Монша массажының барлық түрлерін біздің монша кешенімізде байқап көруге болады, ал тәжірибелі буға шабынушылар сыпыртқыны дұрыс таңдауға көмектеседі, орыс моншасында буға түсудің барлық егжей-тегжейлері мен ғажаптарын айтып береді. Осындай рәсімдер әсіресе жүріс-тұрысы аз өмір салтын ұстанатын адамдардың қан таратып, бұлшықеттерді уқалап сергіту үшін өте пайдалы болады. Орыс моншасында буға түсу көмірқышқыл газдың бөлінуін арттырады, қан тамырларының кеңеюіне септігін тигізеді, жүректің қысқару жиілігін көбейтеді, салқын тигеннен болатын ауруларға төзімділікті айтарлықтай арттырады, орталық жүйке жүйесіне жағымды ықпал жасайды, физикалық күшті қалпына келтіреді, жүйке-эмоциялық шаршауды басады.

МОНШАҒА БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Температурасы - 50-70 С. Ылғалдығы - 30-60 %

  1. Сеансқа 30 мин. қалғанда бір стақан су ішіңіз
  2. Жылы душ қабылдаңыз
  3. Сыпыртқымен буға түскенде әсер күшейеді
  4. Сеанстың ұзақтығы –15 мин. дейін
  5. Бөлме температурасындағы душта шайынып шығыңыз
  6. Демалып, хош иісті шай ішіңіз

Баруға болмайтын жағдайлар: салқын тигеннен болатын аурулар, жоғары температура, созылмалы аурулардың асқынуы, қатерлі ісіктер немесе кез-келген жердегі метастазалар, тромбофлебит, ауыр вегетативтік бұзылулар.