1 қабат

Аквазона

2 қабат

Әлем моншалары

3 қабат

Фитнес аймағы

4 қабат

Сұлулық және денсаулық

5 қабат

ВИП-СПА

6 қабат

Бутиктер қонақ үйі

"Краксен" шөп моншасы

Краксен шөптері бар ванна

«Краксен» шөп моншасы ароматерапия мен төмен температурадағы – 35-40 градус, ылғалдығы – 60-70% болатын моншаларды ұнататын адамдардың көңілдерінен шығады. Мұндай атмосфера жүрекке жүк түсірмейді. Осындай моншаның негізін салушылар Еуропаның альпі өңірлерінің тұрғындары болып табылады. «Краксен» атауы "краксе" себетінің атауынан шығады, оның көмегімен таулардан жайлауға жаңа шабылған пішен әкеліп отырған. Фермерлер себеттерді пештің қасына арнайы ойыққа қоятын. Пішен қызып, одан жағымды емдік иіс шығатын, ол әлсіреген бұлшықеттерді босаңсытуға және ойды тазартуға көмектескен.

Қазіргі краксен өзінің «бабаларынан» ерекшеленеді. Тағы бір атауы бар, альпі моншасы өз бойына ежелгі дәстүрлер мен жаңа технологияларды үйлесім түрде сіңірген. Ол жылытатын элементтерімен жабдықталған, орындықтары бар кабинаны қамтиды. Бу шығаратын креслоның арқасында орналасқан, хош иісті шөптердің қоспасы арқылы өтіп, жабық кеңістікте бас айналдыратын, жұпар иісті бұлт құрайды және арқа бұлшықеттері, мойын және жүйке жүйесіне ұнамды әлсірететін ықпал жасайды. Қонақ онымен қатар тыныс алу жолдарының тамақ булау рәсімін де өтеді.

МОНШАҒА БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Температурасы - 35-40 С. Ылғалдығы - 60-70 %

  1. Душ қабылдаңыз
  2. Денеңізді әбден құрғатып сүртіңіз
  3. Рәсім «кресло-пеші» арнайы жабдығында отырып қабылданады
  4. Сеанстың ұзақтығы – 20-30 мин.
  5. Душ қабылдаңыз
  6. Демалып, шөптен жасалған шай ішіңіз

Баруға болмайтын жағдайлар: жоғары температура, қант диабеті, эпилепсия, қатерлі ісіктер, аллергиялық әсерлер, бронх демікпесі, қан кету мен ұйысуға бейімділік, созылмады аурулардың асқынуы, асқынған тамыр атеросклерозы, терінің инфекциялық аурулары.